Негізгі операциялар
 
1)Депозиттер:
«Алматы қаласындағы Қытайдың Сауда-өнеркәсіптік банкі» АҚ-ның барлық шоттары «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да сақтандырылған (2005 жылғы 6 маусымдағы № 032 куәлік). 
«Алматы қаласындағы Қытайдың Сауда-өнеркәсіптік банкі» АҚ-да орналастырылған салымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандырылған.
Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі, оның ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік банктердің филиалдарындағы банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) салым шарттарымен куәландырылған ұлттық және шетел валютасындағы қаражаттары кепілдік объектілері болып табылады.

ҚДКБҚ кепілдігі:
●салымдарға (депозиттер), оның ішінде, талап етілгенге дейінгі және шартты салымдарға;
●салымдар бойынша банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күніне қарай есептелген сыйақыларға;
●ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшаларға қолданылады.
Қатысушы-банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда банк шотының, карточкасының және (немесе) депозитінің иесі ол (олар) бойынша ұлттық валютада кепілдік берілген максимады сома шегінде кепілдік берілген өтем алуға құқылы.

Кепілдік берілген максималды сома:
● ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша 20 миллион теңгені;
● ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа да депозиттер бойынша 10 миллион теңгені;
● шетелдік валютадағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 миллион теңгені (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша балама) құрайды.

Егер бір қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше депозит ашылған болса, онда әрбір депозит түрі бойынша шекті сомаларды ескере отырып, барлық депозиттер бойынша жиынтық қалдыққа төленетін кепілдік берілген шекті сома – 20 миллион теңге.
Салымшы депозитінде кепілдік берілген өтемнің максималды сомасынан артық қалған ақшасын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен банктің тарату комиссиясынан алуға құқылы.
Бірнеше банкте орналастырылған ақша қаражаттарына әрбір банк бойынша жеке-жеке кепілдік беріледі. Сондықтан жинақ ақшаны қауіпсіздендіру үшін оларды әртүрлі банктерге орналастыру ұсынылады.

ҚДКБҚ кепілдігі:
● жеке тұлғалардың металл шоттарына;
● банк ұяшықтарында орналастырылған ақшалар мен құнды заттарға;
● депозиттік сертификаттарға;
● заңды тұлғалардың депозиттеріне;
● ислам банктерінде, оның ішінде Қазақстан аумағында ашылған шетелдік ислам банктерінің филиалдарындағы депозиттерге қолданылмайды.

Салым

түрі

Салым валютасы

Орналастыру мерзімі, айлармен

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі,

%(диапазоны минимум- максимум)

Капиталдандырудың бар болуы

Салымды мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі

Салымды мерзімінен бұрын алғаны үшін санкциялар

Қосымша келісім жасамай салымды ұзарту мүмкіндігі

Заңды тұлғалардың мерзімді салымдары

KZT, USD, CNY

12 айға дейін / 12 айдан жоғары

KZT (0 - 30%)
USD (0-3,5%)
CNY (0-12%)

жоқ

иә

Салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде сыйақы мөлшерлемесі 0%

жоқ

“Алматы қ. Қытай Сауда-өнеркәсіп Банкі” АҚ бекітілген шекті мөлшерлемелер шеңберінде ұлттық валютада, АҚШ долларында және қытай юанінде қаражатты тартады. Әрбір жекелеген жағдай үшін салым мерзімін және сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін жеке қарау көзделеді.

Қосымша ақпарат мынадай телефон нөмірлері арқылы беріледі:
+7 (727) 357 43 93
+7 (727) 357 43 27
+7 (727) 357 44 56

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ байланыстары:

www.kdif.kz
т.+7 (727) 312 - 24 - 49
Алматы қ-сы, А15Р5В5, Сәтпаев көш., 30/8, 4 қабат
Астана қ-сы, Z00T6E0, Иманов көш., 11, 104 кеңсе

АККРЕДИТИВ – тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушы банкке аккредитивтің талаптарына сәйкес келетін, тауардың жіберілгенін немесе көрсетілген қызметтердің орындалғанын растайтын құжаттарды уақтылы ұсынған кезде банктің оған белгілі бір ақша сомасын төлеу міндеттемесі. 

Есеп айырысудың осы түрі бойынша мынадай бірқатар артықшылықтар бар:
    ● сатушы үшін - аккредитивтің талаптарына сәйкес келетін жөнелту құжаттарын ұсыну кезінде экспорттық түсімді алуға сенімділік;
    ● сатып алушы үшін - Сатушы банкке аккредитивтің талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсынбайынша оның банкінің Сатушыға төлемді жүргізбейтініне сенімділік.

Біздің банкте аккредитивті аша отырып, Сіздің мынадай артықшылықтарыңыз болады:
    ●
ICBC-де ашылған аккредитив растауды талап етпейді, ICBC рейтингі жоғары бірінші сыныпты банк болып табылады;
    ●
ICBC-дің филиалдары бүкіл әлем бойынша (49 ел) бар;
    ●
импорт және экспорт бойынша сауданы қаржыландыру бойынша көрсетілетін қызметтер алу:келісімшарттардың талаптарын, текста аккредитивтің мәтінін келісуге практикалық көмек көрсету;
    ●
банктің кең корреспонденттік желісінің есебінен түсімнің жылдам келіп түсуі.

« Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ басқа банктер шығарған аккредитивтерді растау бойынша қызметтер көрсетеді. БАНК КЕПІЛДІГІ бұл  кепілдік беруші – Банктің кепілдік алушының жазбаша талап етуі бойынша және банк кепілдігінің талаптарына сәйкес келетін құжаттарды ұсынған кезде банк кепілдігін алушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу міндеттемесі. Банк банк кепілдіктерінің мынадай барлық түрін: келісімшартты/төлемді орындау кепілдігін, аванстық төлемді қайтару кепілдігін, тендерге қатысу кепілдігін береді және т.б. Банк басқа банктердің контр-кепілдігіне сәйкес кепілдіктер шығару бойынша қызметтер ұсынады.

Инкассо - алған нұсқаулықтарға сәйкес банктер мынадай мақсаттарда қаржы және/немесе коммерциялық құжаттармен жүзеге асыратын операциялар:

- төлем және/немесе акцепт алу;

- төлемге және/немесе акцептке қарсы құжаттар беру;

- құжаттарды басқа да талаптарда беру.

Қосымша ақпарат мынадай телефон арқылы беріледі: +7(727)-3574393

【Close】