«Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларға төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін ұсынады
«Алматы қаласындағы Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі» АҚ су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жанашырлық білдіре отырып, су тасқыны салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты қолдауға бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайтынын және өз тарапынан келісідей қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлайды:
- Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес, су тасқынынан зардап шеккендердің санатына жатқызылған қарыз алушы қолданыстағы қарыздары бойынша төлемдерін - 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусым бойынша - 3 күнтізбелік ай мерзімге шегеру мүмкіндігін ұсынады;
- Су тасқыны салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушы төлемдерді кешіктіргені үшін қалыптасқан айыппұлдары мен өсімақыларының күші жойылады.
Қарыз алушы, жергілікті атқарушы органдар тізімінде болмаған жағдайда, Банкке жүгінген кезде құжат өкілеттігін растайтын куәлік (заңды тұлғалар үшін) және су тасқынынан залал келтірілгенін растайтын құжаттар болуы тиіс.
|